Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда коронвирустан ауырып қалған абитуриенттер қосымша емтихан тапсырады

Өзбекстанда ыстығы көтерілуіне байланысты емтиханға жіберілмегендер үшін қосымша сынақ өткізеді.

Өзбекстанның санитария және эпидемиология жөніндегі қызметі мен Мемлекеттік сынақ орталығы осындай шешім қабылдады.

Коронавирус жұқтырған, ыстығы көтерілгені үшін емтиханға жіберілмегендер екі апта ішінде сынақ тапсырады. Олар covid@dtm.uz электронды поштаға онлайн-өтініш жолдауы керек.

Ел қатарлы емтихан тапсыра алмаған абитуриенттер үшін сынақ бір мәрте ғана ұйымдастырылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның жоғарғы оқу орындарына 2021-2022 оқу жылына студенттер қабылдауға арналған емтихандар 5 тамызда басталды.

Источник

Exit mobile version