Өзбекстанда Оксана Чусовитинаның спорттық гимнастика бойынша шеберлік мектебі ашылады. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев 14 наурызда қол қойды.
Құжатқа сәйкес, мектеп спорт министрлігіне қарайды. Мақсаты – талантты спортшыларды дайындау және Олимпиада ойындары мен жергілікті байқау жетістіктерін насихаттау.
Гимнастика мектебі мемлекеттік спорттық білім беру мекемесі болып есептеледі. Мектеп биыл күзде ашылады. 1-11 сыныптарға оқушыларды қабылдайды.
Президент 1 тамызға дейін заманауи гимнастика мектебін құруды тапсырған.
Оксана Чусовитина — жеті рет Олимпиада ойындарына қатысқан әлемдегі жалғыз гимнаст.