Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда президент сайлауына түсетін кандидат Әлішер Қадыров саясаткер Жириновскийді сынады

Лидер партии «Миллий тикланиш» Алишер Кадыров.

Өзбекстанның Олий Мажлис палатасының вице-спикері, «Миллий тикланиш» партиясының төрағасы Әлішер Қадыров Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Либерал-демократиялық партияның жетекшісі Владимир Жириновскийді «ұлыған итке» теңеді.

«Уинстон Черчилль: «… ұлыған иттердің бәріне тас лақтырумен әуреленсең, діттеген жерге жете алмай қаласың» дегенде ол Жириновский секілді адамдарды меңзесе керек. Черчилльдің кеңесіне құлақ асып, жаңағы саясаткердің сөзіне мән бергім келмейді», — деп жазды Қадыров.

Өзбек депутатының пікірінше, ресми мәлімдемеге жатпаса да, Жириновскийдің айтқандары Ресейдің халықаралық беделіне нұқсат келтіреді.

Еске салайық, «Милий тикланиш» партиясының төрағасы Әлішер Қадыров биыл қазанда Өзбекстан президенті сайлауына түседі. Оның сынына ұшыраған саясаткер Владимир Жириновский де Ресей президенті қызметіне бірнеше мәрте таласқан.

Источник

Exit mobile version