Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда президент сайлауынан кейін қысым күшейді

Өзбекстанда бір күн ішінде кем дегенде үш блогер қауіпсіздік органдарына тергеуге шақырылды.

Самарқандық блогер Фаррух Самарканди 9 қарашада Facebook парақшасындағы жазбасы үшін тергеуге шақырылып, оны өшіруге мәжбүрлегенін жазды.

«Оны басылымдардың бірінде «Коррупцияның шынжыры үзілді» деген тақырыпта мақала жарияланғаннан кейін жазғам», — деді блогер.

Сол күні Фарход Норбутаев есімді тағы бір өзбекстандық блогер құқық қорғау органдарына сұраққа шақырылғанын жазды.

«Әлдекім маған қарсы арыз беріпті. Telegram-каналыма балабақшадағы коррупция жөнінде пікірімді білдіргенім үшін тергеуге шақырылдым», – деп жазды Норбутаев Facebook парақшасына.

«Қазір Өзбекстандағы барлық блогерлер ішкі істер бөлімдерінен шықпай жүргенін айтып береді. Олар түрлі себептермен тергеуге шақырылып, әлеуметтік желідегі жазбаларын өшіруді талап еткен. Қазір бірнәрсе жазудан қорқып қалдық», – деді ДиоРа атты тағы бір блогер.

Өзбекстанда биыл бірқатар заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, әлеуметік желілерде президентті кемсіткен және ол жөнінде алып қашпа әңгіме таратқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осыдан бірер күн бұрын Өзбекстанға барған польшалық журналист Агнешка Пикулицка-Вильчевска елден шығарылды.

Халықаралық ұйымдар және медиа-эксперттер жергілікті блогерлерге қысым көрсету және шетелдік журналистерді Өзбекстаннан шығаруынан өткен аптада екінші президенттік мерзіміне кіріскен Шавкат Мирзияевтің «реформаларына» күмән келтіреді.

Источник

Exit mobile version