Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда Sof.uz сайтына 3,7 млрд сум айыппұл салынды

Ташкент ауданаралық сотының шешімімен Sof.uz интернет басылымы «Анорбанктың» абыройына нұқсан келтірді деген айыппен 3,7 млрд сум немесе 326 мың АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сот шешіміне қарағанда, Sof.uz басылымы өз парақшасында «Анорбанкты» негізсіз сынап, беделін түсірген.

Бұл Өзбекстанда интернет басылымы қаржы мекемесінің абыройына нұқсан келтірді деген баппен айыпталып, ірі сомада айыппұл салынған бірінші оқиға.

2022 жылдың күзінде Sof.uz сайтында аталған банк ықпалды адамдардың көлеңкелі ақшасын заңдастырумен айналысқаны жөнінде материал жарияланған.

Источник

Exit mobile version