Site icon KAZAKBOL

Өзбекстандықтар Тәжікстанда тіркеусіз он күн жүре алады

Өзбекстан азаматтары үшін Тәжікстанда тіркеусіз жүру мерзімін 10 күнге дейін созуы мүмкін.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы көрші елдер үкіметтерінің 2018 жылғы келісіміне өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтарына тіркеусіз он күн жүруге рұқсат беріледі. Бұған дейін олар көрші елде тіркеусіз үш-ақ күн жүре алатын. Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары көрші ел аумағында визасыз 30 күн еркін жүріп-тұра алады.

Биыл наурыз айының ортасында Тәжікстан мен Өзбекстан шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерін ашты. Көрші елдер арасындағы шекара 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты жабылған.

Источник

Exit mobile version