Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанның 9 аймағында сел қауіпі ескертілді

«Өзгидромет» алда болатын қатты жауын-шашыннан 14-18 ақпан аралығында таулы және тау етегіндегі аймақтарда сел жүру қауіпі бар екенін ескертті.

Мекеме мәліметіне қарағанда, су тасқыны Қашқадария, Сурхандария, Самарқанд, Навои, Жызақ, Наманган, Ферғана және Ташкент облыстарында жүруі ықтимал.

«Тау және тау етегінде тұратын азаматтарға, демалушыларға және жүргізушілерге сақ болуға шақырамыз», — деп ескертеді «Өзгидромет».

Источник

Exit mobile version