Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанның арнайы қызметі Ташкентте 1999 жылғы жарылыстарға қатысы бар адамды ұстады

Задержанный член «Исламского движения Туркестана» (фото пресс-службы СГБ Узбекистана)

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 23 жыл бойы іздеуде болған адамды ұстап, Өзбекстанға жеткізгенін хабарлады. Оған Ташкентте 1999 жылы 16 ақпанда және 30 наурызда жасалған терактілерге қатысы бар деген айып тағылды.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Ташкент облысында 1969 жылы туған Ю.Ж., Түркістан ислам қозғалысының мүшесі, Өзбекстанда ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болды. Қызмет күдіктінің нақты қай елде ұсталғанын хабарламады.

Мәліметтерге қарағанда, ол 1998 жылдың басында Шешенстанға кетіп, сол жердегі содырлар лагерінде арнайы дайындықтан өткен, одан соң Ауғанстандағы халықаралық террористік ұйым — Түркістан ислам қозғалысына қосылған.

«1999 жылғы қаңтарда ол ұйым басшыларының тапсыруымен Ташкентке келіп, ауқатты адамдардың үйлерін тонап, ақшаны Ауғанстандағы Түркістан ислам қозғалысының басшыларына жолдаған», — делінген МҚҚ мәлімдемесінде.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, Ю.Ж. 1999-2006 жылдар аралығында шетелде халықаралық террористік ұйымдардың ұрыс қимылдарына қатысқан. Қазір қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр.

Источник

Exit mobile version