Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанның шығысында зауыт жұмысшылары газ тапшылығына байланысты митинг өткізді (видео)

Ферғана облысында гипс өндіретін зауыт жұмысшылары биліктің зауытты газдан ажырату жөніндегі шешіміне қарсы наразылық акциясына шықты. Бірнеше жұмысшыны «ұсақ бұзақылық», «митинг өткізу ережесін бұзу» баптары бойынша 10 тәулікке қамауға алды.

Ферғана милициясының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде зауыттағы жүздеген адам жұмыссыз қалады деген мәлімет тараған.

Екі апта бұрын, 29 қарашада, Ферғана облысының Өзбекстан ауданында жергілікті билік гипс өндіретін зауытты газдан ажыратып, көгілдір отынды тұрғындар қажетіне жұмсау жөнінде шешім қабылдаған.

«6 желтоқсанда зауыттың жиырма жұмысшысы жағдайды қате түсініп, митинг өткізді, қоғамдық тәртіпті бұзды», — деп жазылған милиция мәліметінде.

Зауыттың жеті жұмысшысының үстінен әкімшілік іс қозғалды. 7 желтоқсанда олардың бірі 10 тәулікке қамалса, алтауы бес тәулікке абақтыға түсті.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда газ тапшылығынан тұрғындар автокөліктерін дизельге көшіруге мәжбүр болып, елде электр қуатының дағдарысы басталды. Жылусыз қалған адамдар билік назарын аударту үшін көшеге шықты, ал газды өндірісте пайдаланатын кәсіпорындар жұмысты уақытша тоқтатты.

Источник

Exit mobile version