Көрнекі фото: әлеуметтік желіден алынды
Оның айтуынша, 2015 жылы мамырда қыздың екі көршісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қалған үшеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткен жоқ. Қылмыстық іс сотқа 2015 жылдың 28 қыркүйегінде түскен.
«Бірақ осы уақытқа дейін бір-ақ рет сот отырысы болды. 2015 жылдың қыркүйегінен осы кезге дейін әлі ешқандай процесс өтпеді. Сот отырысын біресе сотталушының қорғаушысының келмеуі себепті, біресе судья оқуға кетіп қалып, біресе ауырып, демалысқа шығып кейінге қалдырып келеді. Онымен қоймай сотқа куәгерлердің қатысуын прокурорлар қадағаламады. Олардың айтуынша, бұл олардың міндеті емес.
Отырысты бірнеше рет прокурордың өзі бөлді. Бірде ол өзінің есеп беретінін айтып кетсе, келесі жолы облыстық прокуратура шақырды деп кетіп қалды. Сондай-ақ, осы іске қатысып жүрген прокурордың жұмыстан шығуынан да сот отырысы болмай қалды», — дейді Назгүл Тұрдыбекова.
Жәбірленген қыздың мүгедек болуы жағдайды ушықтырып отыр. Соған қарамастан ол сотқа келіп жүр. Бір жолы оны сотталушы жігіттердің бірінің анасы ұрып тастаған.
Олар қазір бостандықта жүр. Жәбірленушінің қорғаушысы оларға қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту туралы өтініш хат жазған. Алайда сот оны қабылдамапты.
Қорғаушылардың ойынша, бұл іс жария болмаса тұрған орнынан қозғалмауы мүмкін.