Site icon KAZAKBOL

20 жастағы атыраулық бойжеткен «Қазақ аруы — 2016» байқауының жеңімпазы атанды (фото)

Астанада жыл сайын Нурыз мейрамына қарсы өтетін «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жеңіс 20 жастағы Атырау облысының өкілі Әлмира Ахатова бұйырды. Желі қолданушылары белсенді түрде жеңімпазды құттықтауға кіріскен. 21 арудың ішінде Әлмира көш бастады.

Одан бөлек бірінші орын 18 жастағы Ақмола облысының өкілі Сәбина Теңбайға, екінші орын 22 жастағы Ақмола облысының өкілі Аяулым Мақұмоваға, үшінші орын 21 жастағы Қарағанды облысының өкілі Гүлімай Оразбекке бұйырған.

Фото: bnews.kz

Жеңімпаз Әлмира Ахатова, 20 жаста, Атырау облысы

Үшінші орынды иеленген Гүлімай Оразбек, 21 жаста, Қарағанды облысы

Екінші орынды иеленген Аяулым Мақұмова, 22 жаста, Ақмола облысы

Бірінші орынды иеленген Сәбина Теңбай, 18 жаста, Ақмола облысы


Exit mobile version