Site icon KAZAKBOL

2016 жылы тарихи музейдегі өрттен жүздеген экспонаттар жойылған

Kloop.kg және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) 2016 жылы Бішкектегі Тарихи музейдегі өртке қатысты жаңа зерттеуін жариялады.

Журналистер музей басшылығы айтқандай, аз ғана бағалы жәдігерлер емес, өте көп дүние өртеніп кеткенін анықтаған.

Журналистер қолына музей қызметкерлерінің мәдени министрлікке жазған екі хаты түскен. Онда өрт кезінде жүздеген бағалы жәдігердің өртеніп кеткені айтылған. Олар мұны музей жертөлесін тазалаған кезде тауып алған.

«Музей жертөлесінен өртенген заттарды сақтап қойған жеті қорапты тауып алдық. Оларды ашқан кезде, негізгі, маңызды жәдігерлер екенін көрдік», — делінген хатта.

Музейдің жаңа басшысы арнайы комиссия құрып, өрттен зардап шеккен жәдігерлердің тізімін құрған. Нәтижесінде 350 экспонаттың күйіп кеткені, 600-і зақымданғаны анықталған. Өртенген жәдігерлердің көбі Совет заманындағы дүниелер, арасында 19 ғасырда жазылған кітаптар да бар.

Музейдегі өртке байланысты қырғыз милициясы 2017 жылы қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тергеу процесі белгісіз.

Ұлттық тарихи музейге 2016 жылы қайта жөндеу жұмысын бастаған. Қырғыз үкіметі түрік тарабымен келісім жасасқан. Үкіметтен 1,5 млрд сом бөлінген.

Кейін бұл іске қатысты экс-премьер-министр Сапар Исаков ұсталып, 18 жылға сотталған.

2021 жылдың қараша айында Ұлттық тарихи музейі жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылды.

Источник

Exit mobile version