Site icon KAZAKBOL

2017 жылы Түркиядан 31 қырғыз азаматы құлдықтан босатылған

Түркияда 2017 жылы құлдықтан 303 шетел азаматы шығарылды: 86 адам — Сирия азаматы, 31 — Қырғызстан, 25 — Марокко.

Түркия ішкі істер министрлігі Бас көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша, шетел азаматтарын Анталья, Стамбул және Анкара секілді ірі қалаларда жұмысқа тұрғызу уәдесімен құлдыққа жегеді. Соңғы үш жылда 642 шетел азаматы құлдыққа түсіп қалған, одардың 460-ы – әйелдер.

Түркияның көші-қон департаментінде 19 мың Қырғызстан азаматы тіркелген. Кейбір мәліметтер бойынша, тағы бірнеше мың қырғыз азаматы елде заңсыз тұрып жатыр. Қырғыздар көбіне Стамбул, Анкара, Анталья, Измир және басқа да ірі қалаларда жұмыс істейді.

centralasian.org

Exit mobile version