Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Алматы Марафонының ұйымдастырушы комитеті, спорттық шара өтетін күні қаланың кейбір жолдарының жабылуы жайлы мәлімдейді.
22 сәуір күні сағат таңғы 5.00-ден түскі 14.30 дейін Алматы Марафоны өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.
Сатпаев көшесі – Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 21 сәуір күні 12.00-ден 22 сәуірге дейін сағат 17.00 жабық болады.
Назарбаев даңғылы бойынша Сатпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін жол қозғалысы толығымен жабық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Сайын көшесіне дейін сағат 05:00-ден 13:00-ке дейін жол қозғалысы жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Сайын көшесі бойынша Әл-Фараби даңғылынан Абайға дейін жол қозғалысы 05:00ден 13:30 жабылады. (Жолдың батыс жағы автотранспорт қозғалысына ашық болады).
Абай даңғылы Сайын көшесінен Байтүрсынов көшесіне дейін (Жолдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады), Сатпаев көшесі Байтұрсыновтан Желтоқсанға дейін, Байтұрсынов көшесі Абайдан Сатпаевқа дейін сағат 05:00-ден 14:00-ге дейін жабылады .
Шашкин көшесі Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Тимирязев көшесі Шашкин көшесінен Әуезовқа дейін, Сатпаев көшесі Әуезов көшесінен Байтұрсыновқа дейін, Манас көшесі Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейін сағат 05:00-ден 10:30 аралығында жабылады.
Батыс Желтоқсан көшесі Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін, Желтоқсан қөшесі Тимирязев көшесінен Сатпаевқа дейін, Тимирязев көшесі Батыс Желтоқсаннан Желтоқсан көшесіне дейін 06:00-ден 8.30 аралығында жол қозғалысы жабылады.
Көрсетілген бағыт пен уақыт қатысушыларға тиімді етіліп жасалған.
Алматы Марафон 2018-ге байланысты қала жолдарының жабылу кестесі
(21-22.04.2018)
21-22 сәуір | |
21.04.18 сағат 12.00ден 22.04.18 сағат 17.00 аралығы | ул. Сатпаева (от ул. Желтоксан до пр. Назарбаева) |
22 апреля | |
05:00ден10:30ға дейін | Шашкин көшесі (Әл-Фарабидан Тимирязев көшесіне дейін)
Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Ауэзов көшесіне дейін) Сатпаев көшесі (Ауэзов көшесінен Байтурсынов көшесіне дейін) Манаса көшесі (Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейін) |
05:00ден 12:00ге дейін | Назарбаев даңғылы (Сатпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін) |
05:00ден 13:00ге дейін | Әл-Фараби даңғылынан (Назарбаев даңғылынан Сайын көшесіне дейін) |
05:00ден13:30ге дейін | Сайын көшесінен (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) |
05:00ден 14:00ке дейін | Абай даңғылы (Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін). Жолдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады
Сатпаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоксан көшесіне дейін) Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сатпаев көшесіне дейін) |
06:00ден 8.30ға дейін | Батыс Желтоқсан көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін)
Желтоқсан көшесі (Тимирязев көшесінен Сатпаев көшесіне дейін) Тимирязев көшесі (Батыс Желтоқсан көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін). |
Алматы Марафон – еліміздің ең ауқымды жүгіру шарасы. Марафонға Қазақстанның аймақтарынан ғана емес, басқа елдерден де қатысушылар жиналады. Марафон өтетін жолдарды жабу әлемдік тәжірибеде бар.
«Біз көлік бағдары мен жабылу уақытын барынша ыңғайлы етіп жасауға тырыстық. Барлық қатысушылар өз қашықтығын өткеннен кейін жолдар бірден ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарауға өтінеміз. Алдын ала жексенбі күніне жол жоспарын құрғандарыңыз жөн» — дейді Алматы Марафонының басшысы Салтанат Қазыбаева.
Республика алаңына көлікпен жету машруты:
- Желтоқсан көшесі бойынша. Оңтүстік бағыттан Сатпаев көшесіне дейін,
- Назарбаев даңғылы бойынша. Оңтүстіктен Сатпаев көшесіне дейін,
- Сатпаев көшесі бойымен батыс бағдардан Назарбаев даңғылына дейін.
Жолдың жабылуына байыланысты қатысушыларды сөреге (Республика алаңы) Абай даңғылы бойынша метромен немесе Абай даңғылымен жүретін автобуспен (солтүстік бағыт) келуді сұраймыз. Назар аударыңыздар, сөрелік-мәрелік қалада (Республика алаңы) көлік қоятын орын болмайды.
Қосымша мағлұмат алу үшін:
Лидия Сагановская, «Бірінші болу батылдылық» корпоративті фондының PR-менеджері, халықаралық қайырымдылық «Алматы Марафонының» ұйымдастырушысы
+7 (727) 341-07-31, +7 (701) 705-15-00, prmanager@almaty-marathon.kz