Site icon KAZAKBOL

ДДСҰ 90-нан аса адамның маймыл шешек жұқтырғанын растады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 92 адамның маймыл шешек ауруын жұқтырғанын растады. Тағы отызға жуық адамның кеселі анықталып жатыр.

Мәлімет ұйым сайтында жарияланды. ДДСҰ кесел жұқтырғандар көбейетінін ескертті.

Ауру 15 елде тіркелді. Маймыл шешекпен ауырғандар Португалия, Испания және Ұлыбританияда көп (21-30 адам). Австрия, Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Нидерланд, Швеция және АҚШ азаматтары да осы ауруды жұқтырған. Ауру жұқтырғандардың дені басқа елдерге бармаған. Дегенмен Израиль мен Швейцарияда тіркелген науқастар жақында ғана шетелден оралған.

Маймыл шешек жұқтырған адамдардың басы ауырады, аяқ-қолы ісініп, арқасы мен бұлшық еттері сыздайды. Қызу басылған соң науқастың бетінде, сонымен бірге қол-аяғында бөртпе пайда болуы мүмкін. Британ денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, ауру жеңіл өтеді, науқастардың дені бірнеше аптада айығып кетеді.

Маймыл шешектен кісі өлімі тіркелмеді, деп хабарлады ДДСҰ.

Джоодж Вашингтон университетінің провессоры, вирусолог Константин Чумаков маймыл шешек сирек кездесетін, бірақ бұған дейін де болған ауру екенін айтты. 1970-жылдары адамдар шешекке қарсы егу салдыруды доғарған соң бұл кесел әлсін-әлсін пайда болып тұрған. Вирусологтың айтуынша, шешекке қарсы қарапайым вакцина маймыл шешектен де қорғайды.

Источник

Exit mobile version