Site icon KAZAKBOL

500 метр биіктікте намаз оқыған мұсылмандар елді өзіне қаратты (фото)

Фото: ummet.kz

Әлеуметтік желілерде Mecca’s Royal Clock Towerhotel мейманханасының ең жоғарғы қабатындағы құлшылық бөлмесіндегі намаз оқып жатқан мұсылмандардың суреті кең тарап кетті деп хабарлайды ummet.kz.

10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады, деп хабарлайды AlArabiya. Араб халқында «Мусалла» деп аталатын құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр және Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан.

Фото: ummet.kz

Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр. Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын намазхана деп бағаланады.

Exit mobile version