Site icon KAZAKBOL

7 тамыздан бастап АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары күшіне енеді

Дональд Трамп подписал 8 мая 2018 года прокламацию о намерении выйти из соглашения с Ираном

Сейсенбі, 7 тамызда АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары қайтадан күшіне енеді.

Франция, Германия және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлері, сонымен бірге ЕО-ның шетел істері жөніндегі өкілі Фредерика Могерини Вашингтонның Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімнен шығуына өкініш білдірді.

Франция, Германия және Ұлыбритания (Ресей және Қытаймен бірге) 2015 жылы қабылданған келісім жобасын дайындауға қатысқан. АҚШ-тан бұл құжатқа сол кездегі президент Барак Обама қол қойған. Құжат Иранға салынған санкцияларды тоқтатуды қарастырады, ал Тегеран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартады.

Билікке келген Дональд Трамп бұл келісімнен шығатынын мәлімдеді. ЕО мен Иран арасындағы сауда қатынасын сақтау қиынға түседі, деп мәлімдеді Могерини. Еуропалық кәсіпкерлердің көбі Иран нарығынан шығуға мәжбүр болады, өйткені олардың акцияларының бір бөлігі америкалықтарға тиесілі.

ЕО мен Иран арасындағы экономикалық байланыс үлкен емес. 2017 жылы сауда көлемі бар болғаны 20 млрд болған.

Америкалық санкициялар ақша айырбастарын құлыптайды, қараша айынан бастап санкциялар мұнай және газ секторын қамтиды.

centralasian.org

Exit mobile version