Site icon KAZAKBOL

800 ТЕҢГЕ: ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДЕН ӘКЕЛІНІП ЖАТҚАН АРЗАН ЕТТІҢ САПАСЫ ҚАНДАЙ?

Бір ел бар, телефон, компьютер шығарады. Біреулері машина ойлап табады. Бренд тауарын, киім-кешегінен сатып жатқан мемлекеттер бар. Ал әлем танитындай Қазақстанның қандай өнімі бар? Ет өндірісі бойынша біздің елдің әлеуеті 10 Қазақстанды асырауға жетеді екен. Бірақ өзіміз етті шетелден, Уругвай, Аргентина, Беларусь, Моңғолия, Исландиядан тасып жатырмыз. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Биыл, нақтырақ айтсақ, қаңтар мен тамыздың арасындағы 8 айдың ішінде Қазақстан 42 млн долларға шетелден сиыр етін сатып алыпты. Бұл 10 тонна ет. Негізінен, Беларусь, Украина, Ресей мен Парагвайдан тасыған. Ал Уругвай мен Моңғолия, Исландия, Аргентинадан жылқының етін әкеліпті. Сөйтсек, оларда ет өнімдері өте арзан екен. Тасымалын, бәрін қоса есептегенде 800 теңге шамасында шығады. Ал бізде 1800. Сондықтан отандық шұжық, колбаса шығаратын кәсіпорындар солардың етін алады. МАҚСҰТ БАҚТЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЕТ ӨНДІРУШІЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Ол өте арзан. 2-2,5 доллар шамасында, теңгеге шаққанда мың теңгеге жетпейді. Ол етті базардан, ет павильондарынан таба алмайсыздар. Оны колбаса шығаратын кәсіпорындар алады, не болмаса шетелдік компаниялар сатып алады. Мәселен, мұнай саласындағы кейбір компаниялар тұрақты тасымалдаушыны таңдап, шетелден алдырады. Бұл импорт еліміздегі жалпы ет өнімінің 2-3 пайызын ғана құрайды». Қазір Қазақстан құс етінің тең жартысын шетелден әкеледі. Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары аясында көптеген жеңілдіктер бар, сондықтан бағасы да арзан. Тиісінше, біздің қой етіне құмар елдер бар. Әсіресе, Иран мен Араб әмірлігі. Ал көптеген ел жылқы етін жемейді екен. Бірақ өсіреді, амал жоқ Қазақстан секілді сұранысы бар нарыққа арзанға сатады. ЕСКЕНДІР МУХЛИСОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: «Жалпы алғанда импорттың көлемі аса үлкен емес. Мысалы, 2018 жылы 15 мың тонна сиыр етін әкелдік. Бұл еліміздегі ет өндірісінің 2 процентін құрайды. Ал қой етін мүлдем сатып алмаймыз. Ал жылқы еті бойынша 2 мың тоннадай әкелінді. Бұл да аса бір үлкен көрсеткіш емес». Еліміздің қазір әлеуеті 10 Қазақстанды етпен қамтуға жетеді. Етпен айналысатын мамандардың пайымы бұл. Бірақ қол байлау дүние көп. Малды баққан еңбегіміз, жем-шөп, жанармайдың бағасын есептеп, кеткен шығынды қайтару үшін еттің бағасын да аспандатып қояды. МАҚСҰТ БАҚТЫБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЕТ ӨНДІРУШІЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Если вы откроете холодильник, все казахстанское в основном. А вокруг вас все иностранное: стулья, компьютер, телефоны, машины. Ничего не делается в Казахстане. Но надо поддерживать все что, хотя бы, то что умеем делать». Қолдау демекші, бізде керісінше, биыл Үкімет субсидияны тоқтатқан. Бұдан бөлек, экспорттаушылар үшін тасымалдың шығыны да шаш етектен. Әсіресе, темір жол қымбатқа түседі. Тіпті, банкротқа ұшыраған шаруалар өз өздеріне қол жұмсауға да барады екен.

ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Есть факты суицидов фермеров банкротов, вынужденных пустить под нож весь племенной скот, чтобы погасить долги по кредитам» Кезінде Петропавл мен Семейде үлкен ет комбинаты болған. Оған Кеңес Одағының түпкір түпкірінен мал тасымалданатын. Ешқандай қалдық қалмайды. Терісі, сүйегі, қанына дейін кәдеге жаратады. Мұндай кәсіпорын салу үшін бір сменада 500 бас мал сойылып, өнімі өңделу керек. Әзірге, оған мүмкіндік жоқ бізде. Ал жалпы, Қазақстан былтыр 35 мың тонна, биыл 55 мың тонна етті сыртқа сатқан. Негізінен Қытай, Ресей, Иран, Өзбекстан, Араб Әмірлігі, Әзірбайжан, Грузияға тасымалдайды.

Первый канал Евразия

Exit mobile version