11 шілдеде Қырғызстанның еңбек министрі Құдайберген Базарбаев Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге аттанып жатқан қырғызстандықтармен кездесті. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда 92 қырғыз азаматының корей билігімен келісе отырып, заңды түрде жұмысқа орналасқаны айтылған. Қазір Кореяда Қырғызстанның екі мыңға жуық азаматы бар. Соңғы 15 жылда еңбек министрлігі арқылы бұл елге 5 мың қырғыз азаматы жұмыс істеуге аттанған екен.
Базарбаев жақында Жапония, Ұлыбритания елдерімен де еңбек мигранттары бойынша келісімге отырғанын, таяуда Германиямен де келіссөзге келетінін жеткізді.
Ресми мәлімет бойынша, шетелде 1 млн 118 мың Қырғызстан азаматы жұмыс істейді. Қырғыз билігі 2026 жылға дейін еліндегі жұмыссыздықты 5,8 пайыздан 5-ге түсіруді көздейді.