Site icon KAZAKBOL

Ағасын бас салып құшақтап күтіп алған бүлдіршін жұртты сүйсіндірді (видео)

Әлеуметтік желіде ағасын ерекше махаббатпен күтіп алған бүлдіршіннің видеосы тарады. Көпшілік қарап отырып сүйсінгенін жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкене ғана бүлдіршін ағасының келуін күтіп тұрады. Кейін тура алдына автобус тоқтап, ішінен ағасы шығады. Қыз бала оны бірден бас салып құшақтап, сағынышын жеткізеді. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде мұндай көрініске ерекше сүйсінгенін жазып жатыр.

«Түү, өзі сондай тәтті», «Алла тіл-көзден сақтасыншы», «Мұндай бауырмалдық пен махаббат тек қазақта ғана ма десем», «Өскен кезде де ағасының қамын ойлайтыны сөзсіз», «Ұл балаға қарағанда, қыздар бауырмал болып келеді ғой» деп жазды желі қолданушылары.

Exit mobile version