Site icon KAZAKBOL

АҚШ Ресейге Батыста бұғатталған ақшамен мемлекеттік қарызды төлеуге тыйым салды

АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейге Батыстағы санкцияға салынған есеп-шоттардан мемлекеттік қарызды төлеуге тыйым салды. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады.

Ресейдің 4 сәуірде 636 миллион доллар сыртқы қарызды төлейтін мерзімі келген. Вашингтон тыйым салғанға дейін Мәскеу Батыстағы есеп-шоттары арқылы төлеп келген. Енді ішкі қор арқылы төлеуіне тура келеді.

АҚШ қаржы министрі өкілінің сөзінше, ішкі қордан қарызды төлеу үшін Ресей бюджетін, оның ішінде армияны қаржыландыруды қысқартуға мәжбүр болады.

The Bell басылымының мәліметінше, Батыс есеп-шоттарында Ресейдің Орталық банкінің бұғатталған 380 млрд доллар активі болуы мүмкін.

5 наурызда Ресей президенті Владимир Путин «дос емес мемлекеттерден алынған» валюталық қарызды рубльмен төлеу жөнінде жарлық шығарған.

Егер мұндай төлем келісім-шарттарда көрсетілмеген болса, несие берушілер рубльмен төлеуге келісім бермесе, онда дефолт болады. Бұл Мәскеу үшін шетелден қарыз алу мүмкіндігін жояды және Ресейге қарсы сот процесстеріне әкеледі.

Источник

Exit mobile version