Site icon KAZAKBOL

АҚШ-та жүк көлігін жүргізіп бара жатқан тәжік азаматына оқ атылды

АҚШ-та жүк көлігін айдап жүрген 37 жастағы тәжікстандық Ильхом Шодиевке оқ атылып, ол 16 маусымда ауруханада қаза болды.

Полиция мәліметіне қарағанда, Шодиев 15 маусымда Amazon компаниясының тауарларын тасып бара жатқанда, оған жеңіл көлік жүргізушісі оқ атқан. Нәтижесінде ол рульді басқара алмай, жол жиегінде тоқтап тұрған екі көлікке, одан соң ғимаратқа соғылған. Шодиев ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Марқұмның АҚШ-та тұратын жиені Анвар Курбонов полиция оқ атудың себебін анықтап жатқанын мәлімдеді.

«Күдіктілер әлі ұсталмағандықтан, полиция істің мән-жайын ашып айтпады. Бірақ екі версияны айтты. Біріншісі, жеңіл көлік жүргізушісі Шодиевті басқа адаммен шатастырып, оқ атуы мүмкін. Екіншісі, онымен Шодиев арасында кикілжің бар болуы мүмкін», — деді Курбонов.

Оның сөзінше, оқтың бірі Шодиевтің қолына, екіншісіне басына тиген.

Грин-карта ұтып алған Ильхом Шодиев АҚШ-қа 2018 жылы барып, жол көлігі жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген. Артында әйелі мен екі баласы қалды.

Источник

Exit mobile version