Site icon KAZAKBOL

Ақтөбе облысында подполковник ұсталды — видео

Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары полиция полковнигі пара алды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде. Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасу кезінде көрсеткен көмегі үшін көлемді мөлшерде 400 000 теңге сомасында алынған параны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Exit mobile version