Мәскеу 2023 жылдың соңында Ресейде YouTube каналын толық бұғаттамақ. Бұған Қытай техникалық жағынан көмектеседі. Осылай деп «Октагон» ресейлік сайты дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Қытай басшысының ресми сапарынан кейін 41 қытайлық техникалық маман Ресейге барған. Олар жыл соңына дейін ютуб сервисін Ресейде толық бұғаттамақ. YouTube Қытайда 2009 жылдан бері ашылмайды.
Қытай интернет еркіндігі бойынша индексте ең соңғы орында тұр.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, YouTube Кремль бақылайтын БАҚ-ты және Ресей билігі насихатын жүргізетін блогерлердің каналдарын жапқан. Мәскеу мұны цензура деп атаған.