Site icon KAZAKBOL

АҚШ Өзбекстанмен ауған ұшқыштарын алып кету жөнінде келіскен — Wall Street Journal

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Өзбекстан аумағына қашқан ауған ұшқыштарын Құрама Штаттардың Катардағы базасына өткізіп жіберу бойынша өзбек билігімен келісімге келген.

Бұл жөнінде Wall Street Journal басылымы жазған. Онда Кабулдағы билікті басып алған «Талибан» қозғалысы Өзбекстанға ауған ұшқыштарын және ұшақтарын өткеріп беру талабын қойып жатқаны айтылған.

АҚШ билігі ұшқыштарды Ауғанстанға өткеріп берсе, оларды өлтіруі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, аталған ауған ұшқыштары тәліптерге әуеден соққы беріп келген.

Ресми Ташкент тәліптермен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді, АҚШ-тан бұл мәселені тезірек шешуді сұраған.

Wall Street Journal басылымы ұшқыштар және олардың отбасы жалпы 585 адам АҚШ-тың Дохадағы әскери базаға жеткізілетінін, кейін басқа өлкелерге көшірілетінін жазады.

15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды басып алды.

Источник

Exit mobile version