Site icon KAZAKBOL

АҚШ Кабулдағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялау үшін Ауғанстанға әскер жібереді

Стена посольства США в Кабуле

Құрама Штаттар Ауғанстанға уақытша 3 мың жауынгер жібереді. Олар Кабулдағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялайды.

Бұл туралы бейсенбі күні Мемлекеттік департамент пен Пентагон хабарлады. Бұның алдында ғана «Талибан» қозғалысының ірі қалаларды басып алғаны мәлім болған.

Мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайстың мәлімдеуінше, АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі жабылмайды, бірақ оның қызметкерлерінің дені көшіріледі. Кейбір мәліметке қарағанда, елшіліктің мыңнан астам қызметкері Ауғанстаннан кетеді.

Пентагонның хабарлауынша, америкалық жауынгерлер Ауғанстанға екі тәулік ішінде жетіп, Кабулдағы әуежайға орналасады. Олардың миссиясы елшілік қызметкерлерін көшірумен шектеледі. Сонымен бірге АҚШ америкалық әскерге көмектескен ауғандықтарды елден алып кететін әуе рейстерін көбейтеді.

АҚШ әскерін Ауғанстанға жіберу — күтпеген қадам. Ол тәліптердің шабуылы үдей түскенін білдіреді. Құрама Штаттар тамыздың аяғына дейін Ауғанстандағы әскерін шығарып әкетуі тиіс. Қазір бұл елде шамамен 650 америкалық жауынгер қалды. Ол Кабул әуежайы мен АҚШ елшілігін қорғап жүр.

Арнайы қызмет болжамы бойынша, тәліптер Кабулды 1-3 айда жаулап алуы мүмкін. Бейсенбі күні қозғалыс күштері Газни, Герат және Қандағар қалаларын жаулап алғаны мәлім болды. Ауғанстан билігі Газни мен Гераттан айрылғанын мойындады.

Источник

Exit mobile version