Site icon KAZAKBOL

АҚШ полициясы тәжік азаматы Ильхом Шодиевті өлтіруі мүмкін күдіктіні ұстады

Америкалық Калифорния штатының полициясы «Амазон» жүк тасушы компанияның жүргізушісі болып істеген Ильхом Шодиевті өлтіруі мүмкін күдіктіні ұстады.

24 маусымда полиция 29 жастағы Эндрю Кристофер Уотсон кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Полиция күдіктінің мұндай қылмысты не себепті жасағаны туралы ешқандай мәлімет таратпады. Жергілікті басылымдар Эндрю Кристофер Уотсон 2013 жылдан бері 11 мәрте жол ережесін өрескел бұзғанын жазған.

Марқұмның туыстары жергілікті полицияның екі нұсқасын Азаттықтың Тәжік қызметіне баяндаған.

Шодиевтің АҚШ-та тұратын Әнуар Құрбоновтың айтуынша, күдікті басқа біреумен шатастырып Ильхомға оқ атуы мүмкін. Полицияның екінші нұсқасына қарағанда, оқ атқан адам мен Ильхом жолда жанжалдасып қалуы мүмкін.

Жүк көлігін жүргізетін Ильхом Шодиевке 15 маусымда жолда кетіп бара жатқан уақытта екі мәрте оқ тиген. Оны Калифорниядағы ауруханалардың біріне жеткізген, бірақ ертесіне жарақаттан қайтыс болған.

Ильхом Шодиев грин-карта ұтып алып, 2018 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Марқұмның артында әйелі мен кәмелет жасқа толмаған екі баласы қалды.

Құрама Штаттарда тұратын тәжікстандықтар оның отбасына қаржылай көмек көрсету үшін Gofundme платформасының көмегімен ақша жинап жатыр.

АҚШ-тағы тәжік жастарының дені жүк көліктерін жүргізеді.

Источник

Exit mobile version