Site icon KAZAKBOL

АҚШ президенті Сирияда «Ислам мемлекеті» лидерінің көзі жойылғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден «Ислам мемлекеті» террористік тобының лидері Ибрагим әл-Хашими әл-Кураши Сириядағы арнайы операция кезінде жойылғанын мәлімдеді.

Байден 3 ақпанда жасаған мәлімдемесінде, операция Сирияның солтүстік-батысында жүргізілгенін және оған қатысқан америкалық әскерлер еліне қайтқанын атап өтті.

Осыған дейін Пентагон рейд жүргізілгенін хабарлаған. Associated press агенттігі оқиғаның куәгерлеріне сілтеме жасап, екі сағатқа созылған операция кезінде 13 адам, оның ішінде алты бала, төрт әйел қаза болғанын жазды.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Сириядағы азаматтық соғыстан және Ирактағы тұрақсыз жағдайдан кейін бас көтерген. 2013-2014 жылдардан бері Ирак пен Сирияның бірқатар аймақтарын басып алып, «халифат» құратынын жариялаған. Бұл топ жантүршігерлік түрлі қылмыстарға барып, мыңдаған адамдардың өліміне себепкер болды.

Кейін «Ислам мамлекеті» тобының негізгі позициялары талқандалып, содырлар Ирак және Сирияның көп аймақтарынан шығарылған. Бұл радикал топтың тармақтары Таяу Шығыста және Ауғанстанда әлі белсенді деп хабарланып келеді.

Источник

Exit mobile version