Site icon KAZAKBOL

АҚШ: Ресей Луганск пен Донецк өңірін басып алуы мүмкін

Құрама Штаттардың мәліметінше, Ресей өзін өзі жариялаған Донецк халықтық республикасы («ДХР») мен Луганск халықтық республикасын («ЛХР») аннексиялап, Херсон облысының тәуелсіздігін танымақшы.

Бұл жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының америкалық елшісі Майкл Карпентер барлау қызметіне сүйеніп мәлімдеді.

Мәскеу ресейшіл жікшілдер бақылайтын Луганск мен Донецк облыстарына Ресейге қосылуды қолдайтын «формалды түрде референдум» өткізбекші.

Майкл Карпентердің айтуынша, Ресей сонымен бірге референдумда Херсонның тәуелсіздігін де көтермекші.

Ол мұндай қадам мамыр айының ортасында өтуі мүмкін екенін жеткізді. Ол аталған қалалардың әкімдері мен жергілікті кеңес мүшелері кепілдікке алынып, интернет пен ұялы байланыс өшірілуі мүмкін екенін ескертті. Америкалық елші сол аймақтағы мектептерге орыс бағдарламалары енгізілуі мүмкін екенін де айтты.

Источник

Exit mobile version