Site icon KAZAKBOL

АҚШ Ресейге микросхемалар сатып келген өзбек компанияларына қарсы санкция салды

АҚШ Өзбекстандағы «Promcomplektlogistic» компаниясын санкциялар тізіміне енгізді. Бұл жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Онда АҚШ 3 наурызда қорғаныс саласы өндірісімен айналысатын ресейлік «Радиавтоматики» кәсіпорнына санкция салғанын, алайда өзбектің «Promcomplektlogistic» компаниясы оларға көмектесіп келгені айтылған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өзбек компаниясына салынған санкция өзге елдердің кәсіпорындарына ескерту болғанын жеткізді.

«Егер сіздер де санкцияға ілінген заңдық және жеке тұлғалармен жұмыс істейтін болсаңыздар, «қара тізімге» енесіздер», — деп атап өткен.

Енді «Promcomplektlogistic» компаниясының АҚШ-тағы барлық есеп-шоттарына құлып салынады.

Бұл компанияның қожайыны Олег Грабилин. Оның Ресейде бірнеше компаниясы тіркелген.

Источник

Exit mobile version