Site icon KAZAKBOL

АҚШ Украинаға 13,6 миллиард доллар көмек береді

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 13,6 миллиард доллардың әскери, гуманитарлық және экономикалық көмегін беру жөніндегі заңға қол қойды.

Байденнің мәлімдеуінше, осы заң арқылы Ақ үй «демократтар мен республикашылдар бірге жұмыс істей алатынын» америкалықтарға дәлелдегісі келеді.

АҚШ президентінің айтуынша, Ресейдің басқыншылығы бүкіл Америкадағы адамдарды біріктірді: «Конгрестегі қос партияны біріктірді, еркіндік сүйгіш әлемнің басын қосты».

Қаражат Украина Қарулы күштерін қолдауға бөлінді, оның бір бөлігі азаматтарға, соның ішінде 1.5 миллион босқынға гуманитарлық көмек болады.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 9 наурызда, заң жобасын дауысқа салған уақытта, бұл ақша алда әлі бөліне беретін қомақты қаражаттың бір бумасы ғана деп мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version