Site icon KAZAKBOL

Ағайын, сары уайымға салынбаңыз!

фото pixabay.com

Өзіңді өзгерт! Анаңа телефон шалып, бас киімін далаға шығарда киюін өтін.

Көңіліңізді позитивті көтерген сайын, өзіңізге көтеріңкі көңіл күйіңіздің сақталуына көмектесетін, өзіңізді жақсы,одан да жақсы сезінуге жетелейтінді табасыз.

Ғалам арманшылдар жағында.

Бақытқа шақыратындар-әйелдер.

Кішкентай қуаныштардан әжептеуір бақыт жинауға болады. Жоғалтқанымыздың барлығы, жоғалтқан емес.

Басқа адамның бақытына қуанғандар, әр уақытта бақытты болады.

Ең бір қарапайым адасқандық деп адамдарды қайырымды, зұлым, ақымақ, ақылды деп бөлуіміз. Адам да өзгереді, ол үшін барлық мүмкіндіктер бар: ақымақ еді, ақылды болды, жауыз  еді, қайырымды болды, немесе керісінше. Адамның ұлылығы сонда. Сол себепті адамды жазғыруға болмайды. Сен оны жазғырдың, ал ол бола басқа болды. Л.Толстой.

Дүниеде сені жақсы көретін, күтетін, ол жылы және жарық жерге  қайта келетіннен артық ештеңе болуы мүмкін емес.

Жоқ нәрсені жоғалта алмайсың. Соғылмаған нәрсені бұза алмайсың. Шын деп ойлаған елесіңді сейілте аласың.

Күнде таңертең төсектен тұрғанда өзіңнің жақсы көңіл-күйіңді оятуды ұмытпа.

Барлығы мүмкін! Тек мүмкін емеске уақытыңды жоғалтасың.

Қуаныш әкеліңіз, ал бақыт оның соңынан жүгіріп келеді!

Дана  мысал

Бір кезде арыстанға ит келіп  төбелеске  шақырады. Арыстан оған мән беріп қарамайды. Сонда ит: егер сен меніменен төбелеспесең, баршаға арыстан менен қорқады деп жар саламын,- депті. Оған  арыстан: мейлі мені иттің қорқақтығына бола сөз ете берсін, итпен төбелескен арыстан дегенше,- депті.

Сары уайымға салыну жөніндегі астарлы әңгіме

Көп жыл бұрын. Жын-пері  мақтану үшін өз кәсібінің құралдарын баршаға көрсетіпті. Ол барлығын ел білсін деп, жинақы етіп шынының астына қойып, әрқайсысына оның не зат, бағасы қанша тұратынып белгілеп қойыпты. Бұл не деген көрме! Бұл жерде жарқыраған Күншілдіктің Қанжары, Ашудың Балғасы, Ашкөздіктің Қақпаны бар еді. Қорқыныштың, Менмендіктің, Жеккөрушіліктің барлық құралдары үлкен махаббатпен сөрелерге қойылған еді. Бұл құралдардың барлығы әдемі жастықтың үстіне қойылып,  әрбір Тозақтан келгендерді қайран қалдырды. Ал ең түкпірдегі сөреде  кішкентай, мыжылған, елеусіз   «Сары уайым» деп белгі таққаны жатты. Бір таңқаларлығы,  басқа заттарға қарағанда оның бағасы ана жатқандардың барлығының бағасын қосқандағыдан жоғары еді. Бұл қалай дегенге Жын-пері оны жоғары бағалағандықтан: бұл менің қалған құралдарым әлсіз болған кездегі  құралдарымның ішіндегі ең сенім артатыным,-дейді. Сөйтті де оның белгісін аялап, сипайды. Егер мен оны адамның миына енгізе алсам, онда адамның барлық жақтарына есік ашылар еді, депті.

Рабига Сыргабаева

Exit mobile version