Site icon KAZAKBOL

Ақмола облысында 52 Тәжікстан азаматы мінген автобус сынып қалды

Фото : Stan.kz

Эвакуацияланған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

«Астана-Петропавл» автожолының 140-шы шақырымында, «Мерке-Екатеринбург» бағыты бойынша жүріп бара жатқан «Ванхол» маркалы жолаушылар автобусы сынып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұланды ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ақауы бар жолаушылар автобусынан «Алакөл негізгі мектебі» КММ жылыту пунктіне 54 жолаушы эвакуацияланды және орналастырылды, оның ішінде 52-сі Тәжікстан Республикасының азаматы, 1-еуі Ресей Федерациясының азаматы және 2 жүргізуші Қазақстан Республикасының азаматы.

Эвакуацияланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазіргі уақытта автобус Алакөл Жол эксплуатациялық кәсіпорны жол жөндеу және құрылыс бөлімі-87 жөндеу жұмыстарына арналған жылы боксқа жеткізілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдарының жеке құрамынан 4 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Exit mobile version