Site icon KAZAKBOL

Ақмола облысында кішкентай баланы ит талап өлтірді

Фото: Виста

Ит баланың отбасына тиесілі, ол өз ауласында жеткіншекке тап берген.

Ақмола облысында Кавказ овчаркасы кішкентай баланы талап өлтірді, қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

Целиноград АІІБ-не 1 наурыз күні сағат 15:00-де Қажымұқан ауылынан қоңырау түскен.

«Өз үйінің ауласында алты жастағы ер баланы ит талап тастапты. Ит баланың отбасына тиесілі екені анықталды, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды», — деп мәлімет берді ішкі істер департаменті.
Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Exit mobile version