Site icon KAZAKBOL

Ақмола облысының тұрғыны полицияға 12 млн теңге тұратын мылтығын әкеп берді (фото)

Ақмола облысының Шортанды селосының тұрғыны полицияға «BRNO – ЗКК» маркалы чех карабинін тапсырды. Оның құны шамамен 12 млн теңгеге бағаланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Фото: bnews.kz

«Карабин Брно қаласындағы «Zbrojovka Brno» қару-жарақ фирмасынан шығарылған», – деп түсіндірді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің қызметкері.

«BRNO – ЗКК» маркалы чехтың бірұңғылы карабинін полицияға Шортанды селосының 36 жастағы тұрғыны әкеп табыстады.

«Айтуынша, бұл карабинді оған Қазақстанға қоныс аударғанда атасы Моңғолиядан әкеп беріпті.  Қару шамамен 12 млн теңгеге бағаланды», – деп атап өтті Дүйсенбинов.

Полицейлердің ақпараты бойынша, акция басталғалы Ақмола облысының тұрғындары заңсыз сақталып келген 274 қаруды тапсырған.



Exit mobile version