Site icon KAZAKBOL

АҚШ 60 тәуліктен кейін Ресейге бола зымыран келісімінен шығатынын мәлімдеді

Майк Помпео мен Йенс Столтенберг Брюссельдегі НАТО саммитінде, 4 желтоқсан, 2018 жыл.

АҚШ егер Ресей 60 күн ішінде келісім шарттарын орындамаса, Қырғи-қабақ соғыс кезінде қол қойылған келісім-шарттан бас тартатынын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аталған мәлімдемені 4 желтоқсанда Брюссельде өтіп жатқан НАТО саммитіне қатысушылар АҚШ-тың Мәскеуге тағылған айыпты қолдағаннан кейін жариялады. Оның сөзінше, Мәскеу 1987 жылы қабылданған зымыранға қатысты келісім- шарттарын бұзып отыр.

«Біз Ресей бағытын өзгертеді деп үміттенеміз, бірақ әзірге олардың өзгеруге деген ниетін көріп отырған жоқпыз»,- дейді Помпео.

НАТО Ресей 9М729 зымыран жүйесін жасап шығарды деп есептейді.

Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова Мәскеу құжат талаптарын орындап келеді дейді.

4-5 желтоқсанда Солтүстікатлантикалық одақтың штаб-пәтерінде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері мен Украина және Грузияның бас дипломаттары кездеседі. Күн тәртібінде Керчь бұғазындағы Ресейдің агрессиясы мен Азов пен Қара теңізге әскер орнатуы мәселесі қаралады.

centralasian.org

Exit mobile version