Site icon KAZAKBOL

АҚШ қаржы министрлігі Ресей жөнінде стратегиялық бөлімше құрды

АҚШ қаржы министрлігі Қаржы барлауы және терроризммен күрес жөніндегі басқамасы құрамынан Ресей жөнінде стратегиялық бөлімше ашты.

Министрлікте барлығы алты бөлімше ашылған, олар маңызы жоғары мәселелерді шешуге арналған. Бұл туралы АҚШ қаржы министрінің орынбасары Сигал Манделкер хабарлады.

Осыған ұқсас бөлімшелер Солтүстік Корея, Иран, «Ислам мемлекеті» террористік тобы, виртуалды валюта, адам құқықтары және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде құрылған. Жаңа мекемелердің жұмыс істеу тәртібі туралы мәлімет жоқ.

АҚШ әкімшілігі Ресеймен байланысы бар 270 жеке және заңды тұлғаны санкция тізіміне енгізген. Ресейге қатысты алғашқы санкцияны АҚШ, Еуроодақ 2014 жылы Қырымның аннексиялануына және Ресейдің Украинаның шығысындағы жанжалдағы әрекетіне байланысты қабылдады.

centralasian.org

Exit mobile version