АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ABC News телеканалына Қытай, Солтүстік Корея және Иран елдегі сайлауға араласуы мүмкін деп қауіптенетінін жеткізді.
Болтонның сөзінше, Вашингтонда Бейжің, Тегеран және Пхеньян сайлауға араласады деп қауіптенетіндей жеткілікті айғақтар бар. Сол себептен АҚШ оған жол бермеу үшін, барлық шараларды қолға алып жатыр дейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіне «Ресейдің ізін аңдығандар басқа бағытқа – Қытайға қарайтындай уақыт болды» деп жазды.
Ал бұл кезде Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф АҚШ билікті тақтан тайдыру мақсатында «арнайы топ» құрды деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Twitter желісіне жазды.