Құрама Штаттар ешқашан Қырым аннексиясын мойындамайды деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сенатта баяндама жасар алдында.
«Ресей 2014 жылы Украинаға басып кіріп, Қырымды аннексиялау жолымен демократиялық мемлекеттердің халықаралық ұстанымдарын бұзуға әрекет етті. Бірде бір мемлекет өзге елдің шекарасын күшпен өзгерте алмайды», — делінген мәлімдемеде.
Құрама Штаттар Ресейді БҰҰ жарғысында жазылған ұстанымдарды сыйлауға шақырып, күш қолдану арқылы кез келген мемлекеттің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қол сұқпауын әрі Қырым оккупациясын тоқтатуды талап етті.
Помпео мәлімдемесі АҚШ сенаты тыңдауы алдында жарияланды. Конгресстің жоғарғы палатасының мүшелері Дональд Трамптың соңғы іс-әрекеттеріне алаңдап, сыртқы саясат мекесесінен жауап беруді талап еткен.
Республикашылдар мен демократтар Трамптың Хелсинкидегі Путинмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында сөйлеген сөздерін америка мүддесін сату деп бағалайды.