Site icon KAZAKBOL

Ақша табу үшін орманды әдейі өртеген өрт сөндірушілер әшкере болды

Ормандағы өрт. Фото: 24.kz

Италия полицейлері Сицилия аралында өрт сөндіруге атсалысқан 15 еріктіні қолға түсірді деп хабарлайды 24.kz.

Олар орманға қасақана от қойған. Артынша түк болмағандай тілсіз жауды ауыздықтау операциясына қатысып жүрген.

Полицейлердің хабарлауынша, қаскөйлер мұны қосымша төлемдер алу үшін жасаса керек.

Жалпы мамандар биылғы жаз Италияның метеобақылау тарихындағы ең ыстық жаз болғанын айтады. Оның үстіне елдің оңтүстік аудандарын қуаңшылық жайлаған.

Соның салдарынан орман өрті өрши түсті. Сицилияда аптап ыстықтан келтірілген материалдық шығын шамамен 2 миллиард еуроға бағаланып отыр.

Exit mobile version