Site icon KAZAKBOL

Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Фото: aktobenews.kz

Тінту барысында аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер алынды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады, — деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды», — деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Exit mobile version