Site icon KAZAKBOL

Ақтөбеде 63 жастағы азаматша жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған

63 жастағы әйел адам күйеуінен вич инфекциясын жұқтырған.

Ақтөбеде зейнет жасындағы әйел адамның азаматтық некедегі жолдасынан қауіпті дерт жұқтырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды  Аktobenews.kz.

«63 жастағы әйел адам күйеуінен вич инфекциясын жұқтырған. Кейін тексеріс кезінде анықталғандай, ер адамның есірткі затын қолданатыны белгілі болды. Инфекция әйелге жыныстық қатынас кезінде жұққан. Бұл дерек 2017 жылы анықталды. Олардың ортақ ұлдары да инфекция жұқтырған, есірткі пайдаланады», — дейді облыстық СПИД орталығының қызметкері Анна Каспирова.
Ақтөбелік дәрігерлер қауіпті дерт жұқтырғандар санының жыл санап төмендеп жатқанын хабарлады.

«2017 жылы Ақтөбеден 37 Қазақстан азаматынан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 21-і ер адам, 16-сы әйел адам. Сонымен қатар, облыста жүрген бес шетел азаматы жұқпалы инфекциямен тіркелді. Өткен жылы барлығы 42 адамды есепке алынды. Ауру жұқтырғандар 20 мен 63 жас аралығындағы азаматтар», — дейді Анна Каспирова.

Exit mobile version