Site icon KAZAKBOL

Ақтөбеде қабырғасы екіге бөлініп қалған 14 жастағы оқушыны шетелдіктер тегін емдеп берді

Фото: NUR.KZ

14 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Дəурен Құспанов жақын күндері елге оралады. Қабырғасы екіге бөлініп, майысып қалған Дəуренге Оңтүстік Корея елінде ота жасалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

 

Ақтөбелік тұрғынға қомақты қаржы кететін күрделі отаны шетел медицинасы тегін жасап берген.

Фото: NUR.KZ

«Оңтүстік Корея елінде Ақтөбе қаласының екі жасөспірімі тегін ем алып жатыр. Емнің шығынын қайырымдылық акциясы негізінде Оңтүстік Корея елінің медицинасы көтерді. Бұл акцияның өтуіне, балалардың шетелде тегін ем алуына облыс əкімінің еңбегі зор.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл облыс əкімдігі Оңтүстік Корея елімен екіжақты меморандум аясында жаспарланған шаралардың бірі», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Əсет Қалиев.

Дəрігерлердің хабарлауынша, күрделі ота жасалған Құспановтар отбасының тұңғышы Дəуреннің жағдайы жақсы.

Exit mobile version