Site icon KAZAKBOL

Ақтөбеде бір тəулік бойы хабарсыз кеткен оқушы қыз табылмай жатыр (фото)

Таңшолпан. Фото отбасының жеке мұрағатынан

Ақтөбеде мектеп оқушысы жоғалып кетті. 15 жастағы Таңшолпан Айжанова 27 наурыз күні түстен кейін үйінен су төгуге шыққан. Туыстары кейін Таңшолпанды таба алмай қалған деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ  тілшісі.

Ол қаладағы Мұхтар Арын атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы. Таңшолпан осыған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған.

«Сіңілімнің мінезі тұйықтау, тез ренжиді. Бірақ сол күні оны ешкім ренжіткен жоқ. Түстен кейін сағат 5-тер шамасында шай ішіп отырдық. Ол су төгіп келемін деп шығып кетті. Үстінде сырт киім болған жоқ. Шелекті ішке кіргізіп кеткен. Ұзамай артынан шыққанымызда таба алмай қалдық. Оның бұрын да хабарсыз кеткен жағдайлары болды. Екі сағаттан соң қайтып келетін еді. Кейде Жилянканың саяжайларында жүрген жерінен өзіміз тауып аламыз. Бұл жолы қарамаған жеріміз жоқ. Түнімен мектептегі құрбыларына да бардық. Еш жерге бармаған», — дейді жоғалған қыздың әпкесі Анжелика Айжанова.

Таңшолпан Айжанова — үйдегі бес баланың екіншісі. Үйден шыққанда оның үстінде қара спорт киімі мен уги етігі болған.

«Қолындағы телефонына үй ішімізбен хабарласып отырмыз. Қоңырау барып тұр. Өзі алмай тастап жібереді. Біз оны біреу алдап ұстап отыр деп ойлаймыз. Көрген адамдар болса көмектесіңіздерші. Таңшолпан, өзің оқысаң, үйге орал. Əке-шешең күтіп отыр», — дейді қызың әпкесі.

Exit mobile version