Көрнекі сурет. Фото: gorodkirov.ru
Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің хабарлауынша, таңдай сүйегі шашылып, тілі тесіліп, бас сүйегі жарылған комитет қызметкері тілге келген.
«8 ақпан күні емханаға әскери қызметкер түсті. Жарақаты ауыр, басынан оқпен жарақат алған. Бірден ота жасауға алынды. Екі бригадамен 5 сағат бойы ота жасалынды. Оқи иегінің астынан кіріп, басынан шыққан. Мұрын сүйегі, бас сүйегі жарақаттанған. Зақымданған жердің барлығын орнына келтіргендейміз. Бірінші бригада бас сүйегі мен жыртылған бетін тікті. Екінші бригада ауыз қуысымен жұмыс жасады. Науқастың тілі мен таңдай сүйегі қатты жарақаттанып, шашылып қалған. Жағдайы ауыр. Бірақ есін жинады, қойылған сұраққа жауап бере алады»,-дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.