Site icon KAZAKBOL

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 қытайлық басшысы елден қуылды

Көрнекі фото: Advice-Lawyer.ru

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 басшысы елден қуылды. Өйткені қытайлық инвесторлар еңбек туралы заңды елемей қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

Аймақта қара алтын өндірумен айналысатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл басында жалынып жүріп Қытайдан маман алдыртуға рұқсат алыпты. Аспан асты елінен келгендердің үшеуін департаментке директор, қалғандарын мұнай мен газ өндіретін бөлімдерге жетекші қылады.

Бірақ шетелден қанша маман алдыртса Қазақстанның да сонша азаматын жұмысқа алу туралы заңға инвесторлар бағынбай жүрген.

Сондықтан тексеруге келген прокурорлар заңды орындамаған мұнай компаниясының лауазымды қызметкерлерін елдеріне қайтарып жіберген.

«Бұл азаматтар Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды», — дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Мұратбек Мырзамұратов.

Exit mobile version