Site icon KAZAKBOL

Ақтөбелік тұрғын ауыр дертке шалдыққан әкесіне бауырын бөліп берді

Ақтөбедегі бауыр ауыстыру операциясы. Фото: 24.kz

Ақтөбеде бауыр ауыстыру операциясы сәтті өтті. 53 жастағы сырқат жансақтау бөлімінен жалпы палатаға шығарылды деп хабарлайды 24 арна.

Дәрігерлер күрделі операцияны Оңтүстік Кореядан келген мамандардың көмегімен жасады. Әкесіне бауырының жартысын бөліп берген ұлының да жағдайы бірқалыпты.

Бірнеше күн бұрын күрделі операция жасатқан Жолдыбай Симановтың жағдайы жақсарып келеді. Ол осыдан 2 ай бұрын өмірден күдерін үзген еді. Бауыр церрозы асқынып, бір күнде жансақтау бөліміне түседі.

Кенже ұлы Еркебұлан әкесіне донор болғысы келетінін айтады. Қажетті сараптама жасалып, оларды операцияға дайындайды.

Ақтөбеге шеберлік сағатын өткізуге жиі келетін оңтүстіккореялық хирургтер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай операцияны тегін жасады.

Exit mobile version