Бердібек Сапарбаев. Фото: tilshi.kz
Осы аптада ол мәдениет, спорт, т.б. сала өкілдерімен кездесті, ардагерлер, үшінші сектор өкілдерін де келе жатқан мерекелерімен құттықтап шықты.
Дүйсенбіден бері облыс әкімінің кездесулерде жөтеліп жүргенін байқау қиынға соқпайды. Сейсенбіде БАҚ өкілдерімен болған кездесуінде де әкімнің денсаулығы туралы айтылмай қалмады. Алайда, оған назар аудармауды өтінген Сапарбаев сол күні 5-6 кездесуде болғанын да айтып қалды.
Өз кезегінде, журналистердің арасынан әкімге өзінің денсаулығына қарау керектігін де тілге тиек еткендер табылды.