Моңғолияда -40 градус аязға төтеп беретін жүздеген ержүрек қазақтың өмірі шетелдіктерді таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Танымал британдық Daily Mail басылымы Моңғолиядағы жергілікті қазақтардың өмірінен бір күнді жария етті.
Фотограф Тимоти Аллен Шоқан мен оның әйелі Пеманың отбасында қонақтап, олардың маусымдық көштерінен тамаша фотолар түсірген.
Бүркітпен аңшылық құратын қазақ отбасы тамақтанып отыр.
Қазақтар 100 миль қашықтықты қақаған -40 градус аязда кесіп өтуге мәжбүр.
Олар таудан мыңдаған малын айдап өтеді.
2016 жылдың қаңтарында фотограф қазақтарға ілесіп, олардың өмірін өз көзімен көріп қайтты.
Ұзақ жолға шыққан қазақтардың қауіпке толы шытырман өміріне бұл фотолар куә бола алады.
200 отбасынан бөлек қазақтар мыңға жуық малын да көшіріп үлгереді.
Тимоти Аллен бұл отбасымен бір жыл бұрын да сапарға шығып көрген.
Осы жылы қазақ отбасының өмірін тамашалауға Еуропа, АҚШ және Жаңа Зеландиядан сегіз фотограф пен 13 моңғол келген. Олар да қазақтармен ілесіп, алыс сапарға аттанды.
Аллен қазақ отбасының осылайша жыл сайын көктемгі жайылымға шығатынын сөз етті.
Отбасы жүк көлігімен көше алатынына қарамастан, үйір малды жаяу көшіруге тура келеді.
Қазақтарға ілескен топ үш көлік пен бір ірі жүк көлігін пайдаланды. Ал қазақтар бәрін сыйдыру үшін сегіз киіз үйін ала шықты.
Отбасы үйір-үйір малымен тау арасын кесіп өтті.
Фотолар жүздеген қазақтың тауда бораннан түк көрінбейтін жағдайда да жолын тауып, діттеген жеріне малымен қоса аман-есен жететінін көрсетеді.