Әкесінің өз баласы үшін жасайтын ең маңыздысы- оның шешесіне жақсы күйеу бола білуі.
Ақылды әйел ешуақытта өкпелемейді. Ол үндемей қорытынды жасайды.
Күніне бірнеше рет қабылдайтын ең дұрыс шешім, ол-өмірге қуану.
Ақылды әйелдерден қорықпаңдар, ал махаббат келген кезде оның миы істен шығады.
Әйел қанша жұмысбасты болса да, әр уақытта әдемі, жұмыссыз жүрген сұлу болып көріну керек.
Әр жаңа күнді кішкентай керемет деп күт және ол міндетті түрде сәттілік әкеледі, және есіңде сақта, бақыт барлық жерде тығылып жүр, шақырсаң болды-сені іздеп табады!
Жіберген ақымақтығын әркім өз мойнымен өтеу керек, әйтпесе оған ешуақытта ақыл кірмейді.